"Даналық мектебінде" әже өсиеті, ата ақылы, әкелер мектебі, аналар мектебі жұмысының қорытынды есебі

"Даналық мектебінде" әже өсиеті, ата ақылы, әкелер мектебі, аналар мектебі жұмысының қорытынды есебі

Ақсуат ауданының білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әдіскері Рахимбаева Куралай Кужахановна 16 маусым 2025 жылы Ойшілік ауылының "Әсем" бөбекжайына барып, "Даналық мектебінде" әже өсиеті, ата ақылы, әкелер мектебі, аналар мектебі жұмысының қорытынды есебін тыңдап, облыстық білім басқармасының инновациялық-әдістемелік орталығынан арнайы жіберілген Алғыс хатымен балабақша әжесі, әжелер мектебінің мүшесі, шөбересін балабақшаға әкеліп отырған Ибалова Ибадат әжемізді құттықтап, білім бөлімінің атынан әжемізге шапан мен ақ жаулық тағылып, құрмет көрсетілді. Әжеміздің осындай алғысқа бөленуіне себепкер болған,Семей қаласында өткен облыстық "Мектепке дейінгі ұйымның үздік педагогі" байқауында балабақша тәрбиешісі Сыдықова Меруерт Амантайқызы қатысып, жүлделі 1-орын иеленіп, сол байқауға Ибалова Ибадат әжеміз 85 жаста болса да, барып, тәрбиешіні қолдап, қатысушыларға сәттілік тілеп, салт-дәстүрімізді дәріптеп, шашу шашып, даналығын көрсетіп, ерекше ақ батасын беріп, байқаудың басынан аяғына дейін қатысып қайтқан болатын. Облыстық инновациялық -әдістемелік орталығының директоры А, Исабаеваға, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың облыстық маманы А.Жумабековаға ақ жаулықты әжемізге көрсеткен құрметтеріне зор ықыласымызды білдіреміз.