“Қауіпсіздік — көрінбейтін қамал” тақырыбындағы бұл жоба — Ақсуат ауданындағы мектеп парламентінің бастамасы. Жобаны форум барысында аудан оқушысы, мектеп парламентінің белсенді мүшесі Нұржанқызы Асылжан жан-жақты таныстырып, сенімді қорғады. Ол сұрақтарға нақты жауап беріп, жоба мазмұнын терең талдап шықты.Ақсуат ауданының Мектеп Парламенттері бірігіп “Оқушы Инструкциясы” атты кітапша жасап,қауіпсіздікті насихаттап жатыр.
Жобаның таныстырылымы форум қатысушыларының үлкен қызығушылығын тудырып, оны облыстық деңгейде таратуға ұсыныстар айтылды.
Ақсуат ауданынан барған мектеп парламентінің белсенділері — Нұржанқызы Асылжан, Айбек Малика және Серікбекқызы Медина — облыстық форум мен слетте өз білімдерін, азаматтық ұстанымдарын, көшбасшылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсете білді. Бұл — олардың ел болашағы үшін бейжай қарамайтын, белсенді, білімді жас буын екенін дәлелдейтін жарқын мысал.Ақсуат ауданының оқушыларының ұстанымы “Ауылдан-Үлкен Армандарға”!Жалынды ұстаныммен өздерінің жұмыстарын нақты түсіндіріп,көрерменнің ықыласына бөленді!