Республикалық "Мағжан оқулары" байқауының облыстық кезеңі

Республикалық "Мағжан оқулары" байқауының облыстық кезеңі

20 мамыр күні Семей қаласында "№46 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ базасында 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық "Мағжан оқулары" байқауының облыстық кезеңіне аудан оқушылары барып, бақ сынап қайтты. Байқау, 3 бөлім бойынша өткізілді. 16 ауданның қатысуымен өткен оқуда, біздің Ақсуат ауданының барған оқушылар, топтық есепте "Бас жүлде" иеленді. Айтарлық, "Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім" номинациясы бойынша Мағжан өлеңдерін жаттаудан "Тоғас батыр атындағы орта мектебі" КММ-нің 7-сынып оқушысы Тұрсынғазы Сезім 2 орын, "Жасынан оқу оқып, өнер қуған..." номинациясы бойынша ғылыми жобадан "Қожагелді батыр атындағы орта мектебі" КММ-нің 10-сынып оқушысы Тлеуғазы Алижан 3 орын, "Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған" номинациясы бойынша өлең шығарудан "Қ.Сәтпаев атындағы Жәнтікей орта мектебі" КММ-нің 9-сынып оқушысы Даниярұлы Нұрәлі 1 орын алып, Петрапавл қаласында өтетін республикалық "Мағжан оқуларына" жолдама алды. Қуаныштымыз! Ауданымыздың оқушылары шарықтай берсін! Биік асулардан өтіп, армандарына самғауына тілектеспіз!