«География пәні бойынша білім сапасын арттыру: тәжірибе және нәтиже" тақырыбында аудандық семинар өткізілді

«География пәні бойынша білім сапасын арттыру: тәжірибе және нәтиже" тақырыбында аудандық семинар өткізілді

⚜️2025 жылдың 16 мамыр күні «География пәні бойынша білім сапасын арттыру: тәжірибе және нәтиже" тақырыбында Қ.Сәтпаев атындағы Жәнтікей орта мектебінде география пәні мұғалімдерінің аудандық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес аудандық семинар өткізілді. Семинарды мектеп директоры А.Ожаева, бөлім әдіскері М.Кажиакберова құттықтау сөз сөйлеп ашты.
🔶Семинардың мақсаты: География пәні бойынша білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын талқылау, мұғалімдердің озық тәжірибесін ортаға салып, тәжірибе алмасу арқылы оқыту үдерісін жетілдіру және нақты нәтижелерге қол жеткізудің әдіс-тәсілдерін анықтау болып табылады.
🔰Аудандық семинарда тәжірибе бөліскен Қ.Сәтпаев атындағы Жәнтікей атындағы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Г.Мукатаева, Қожагелді батыр атындағы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Д.Алханова, Би Боранбай атындағы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Ө.Рахымбаева, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Д.Сабитова, К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебінің география пәні мұғалімі А.Азиева аудандық білім бөлімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Семинар соңында жұмыстар талқыланып, ұсыныс-пікірлер айтылды перевод