Аудандық прокуратура және аудандық білім бөлімі қызметкерлері жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік туралы оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Аудандық прокуратура және аудандық білім бөлімі қызметкерлері жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік туралы оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Ағымдағы жылдың 16 мамыр күні "М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі" КММ-де аудандық прокуратура және аудандық білім бөлімі қызметкерлері бірлесе оқушылармен жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі, суға түсу кезіндегі қауіпсіздік, орман және дала алқаптарындағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жеңіл көлік(мопед, скутер,мотоцикл) жүргізудің тәртібі, заңдылығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.