Әлеуметтік педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық бастамаларын қолдау және тәжірибе алмасу мақсатында облыстық “Үздік әлеуметтік педагог- 2025” байқауының аудандық кезеңі ағымдағы жылдың 15 мамыр күні ұйымдастырылды.
Байқауға білім беру мекемелерінен 9 қатысушы қатысып,
І - “ Мен әлеуметтік педагог- әлеуметтік ортаға бейімдеуші” (өзін- өзі таныстыру);
ІІ - “ Әлеуметтік педагог- мәдени ортада балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырушы” (теориялық және практикалық тұрғыда);
ІІІ - “Оқушының әлеуметтік- мәдени ортасының үйлестірушісі” (сұрақ- жауап)
кезеңдері бойынша сайысқа түсіп, бақ сынады.

Комиссия құрамының шешіміне сәйкес:

І дәрежелі дипломмен - А.Акаева “Ю.Гагарин атындағы орта мектебі” КММ;

ІІ дәрежелі дипломмен – Ж.Билялова “Би Боранбай атындағы орта мектебі” КММ;

ІІІ дәрежелі дипломмен- А.Мухаметрахимова “Қожагелді батыр атындағы орта мектебі” КММ;
Басқа қатысушы әлеуметтік аудандық білім бөлімі басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Байқаудың аудандық кезеңінен І орын иеленген “Ю.Гагарин атындағы орта мектебі” КММ әлеуметтік педагогі А.Акаеваға облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!