
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер!
Сіздерді 25 мамыр – «Соңғы қоңырау» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгін – мектеп қабырғасындағы балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басатын ерекше күн. Түлектер үшін бұл – білім мен тәрбиенің, еңбек пен ізденістің нәтижесін саралайтын айтулы сәт.
Қадірлі түлектер!
Сіздерге алдағы өмір жолында биік мақсат, нық қадам және мол табыс тілейміз. Елдің дамуына үлес қосатын білімді де білікті азамат болып өсулеріңізге сенім білдіреміз. Армандарыңыз асқақ, болашақтарыңыз жарқын болсын!
Құрметті ұстаздар!
Саналы ұрпақ тәрбиелеудегі ерен еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің табандылықтарыңыз бен мейірімдеріңіздің арқасында талай шәкірт үлкен өмірге жолдама алып отыр.
Ардақты ата-аналар!
Балаларыңыздың жетістігі мен қуанышы құтты болсын! Ұл-қыздарыңыздың мерейі үстем, абыройы асқақ болғай!
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық пен береке тілейміз!