Меню
Страницы

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» акциясы Ақсуат ауданында басталды

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» акциясы Ақсуат ауданында басталды

«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» акциясы Ақсуат ауданында басталды

Абай облысы, Ақсуат ауданында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» атты халықаралық акция өз жұмысын бастады. Шара Ақсуат аудандық полиция бөлімі ұйымдастыруымен өткізіліп, оған әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған арнайы жұмыс тобының мүшелері белсенді қатысуда.

Акцияның мақсаты – әйелдер мен қыз балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түріне қарсы тұру, оның алдын алу, қоғамда осы мәселе бойынша ашық пікір алмасу алаңын қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру.

Жұмыс тобы акция аясында атқарылатын іс-шаралардың нақты жоспарын әзірлеп, олардың тиімділігін, мазмұнын және орындалу мерзімдерін талқылады. Жоспарға келесі іс-шаралар кіреді:

  • мектептерде дәрістер мен түсіндіру жұмыстары өткізу;

  • қоғамдық кездесулер ұйымдастыру;

  • жергілікті БАҚ арқылы ақпараттық материалдар жариялау;

  • зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған тренингтер мен семинарлар өткізу.

Бұл бастама отбасы мен қоғамдағы қауіпсіздік пен сыйластықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Акция желтоқсан айының 10-на дейін жалғасады.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты