2023 жылғы 26 сәуірдегі Мемлекет басшысының өкіміне және 2023 жылғы 29 желтоқсандағы Үкіметтің №1248 қаулысына сәйкес, 2025 жылғы 1 тамыз бен 20 қазан аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу туралы шешім қабылданды.
Ауыл шаруашылығының нақты жағдайы туралы толық және шынайы ақпарат алу;
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен олардың әлеуеті, әрбір санаттың елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы жан-жақты деректер жинау;
Ауыл шаруашылығы өнімінің тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық саясатты әзірлеу;
Кейінгі іріктемелі бақылаулар мен бір реттік есептер жүргізу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілердің тізімін жаңарту.
2025 жылғы 1 тамыздан 31 тамызға дейін – арнайы веб-порталда өзін-өзі толтыру әдісімен сауалнама жүргізіледі (30 күн);
Осыдан кейін 20 күн ішінде сауалнаманы толтырмаған респонденттердің тізімі жасалып, деректерді өңдеу жүзеге асырылады;
2025 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазанға дейін – санақ қызметкерлері арнайы планшеттерді пайдалана отырып, жеке әңгімелесу әдісімен сауалнама өткізіледі (30 күн).