🔒 Терезе маңындағы балалар қауіпсіздігі — ересектердің жауапкершілігі!

🔒 Терезе маңындағы балалар қауіпсіздігі — ересектердің жауапкершілігі!

Ашық терезе — кішкентай балалар үшін өте қауіпті. Жыл сайын қайғылы оқиғалар тіркеледі, бірақ олардың көпшілігінің алдын алуға болады.

Не істеу керек:

  • Терезелерге бұғаттағыш құлыптар орнатыңыз — бұл балаға терезені ашуға жол бермейді.

  • Ашық терезесі бар бөлмеде баланы қараусыз қалдырмаңыз.

  • Терезе маңына жиһаз (кереует, орындық, тумбочка) қоймаңыз — бала терезе алдына шығып кетуі мүмкін.

  • Қауіпсіздік торын пайдаланыңыз, бірақ есте сақтаңыз — масахана торы құлаудан қорғамайды!

Балаларыңызды қорғаңыз — олардың қауіпсіздігі сіздің қолыңызда!