2025 жылғы 15 мамырдан бастап «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы жарияланады

2025 жылғы 15 мамырдан бастап «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы жарияланады

Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары!

2025 жылғы 15 мамырдан бастап «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы жарияланады. Байқаудың мақсаты — қазақстандық отбасылардың үлгілі тәжірибесін тарату, отбасылық құндылықтарды нығайту, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру және жас ұрпақты тәрбиелеуге жағдай жасау.

Конкурс үш кезеңнен тұрады:

І кезең (аудандық/қалалық): Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, 2025 жылғы 27 маусымға дейін екі отбасы іріктеліп, 30 маусымға дейін облыстық комиссияға жолданады.

ІІ кезең (облыстық): 15 шілдеге дейін бір жеңімпаз отбасы анықталып, 17 шілдеге дейін Ұйымдастыру комитетіне жіберіледі. Марапаттау — 15 тамызға дейін.

ІІІ кезең (республикалық): 31 шілдеге дейін жеңімпаздар туралы материалдар дайындалады. Лауреаттарды марапаттау рәсімі 2025 жылғы 12 қыркүйекте — Отбасы күні қарсаңында өтеді.

Қосымша ақпарат пен сұрақтар бойынша келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: +7 (707) 989-49-82, +7 (707) 252-51-28