АВТОТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

АВТОТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!

2024 жылғы 09 ақпанда сағат 15-00-де Ақсу қаласы, Пушкин көшесі, 72/1, «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің, каб. 210 мекенжайында  Ақсу қаласында жолаушылар мен багажды ауылдық автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығын беру конкурсы өткізілетіндігі туралы «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Ақсу қаласының әкімдігі атынан хабарлайды.

         Конкурсқа келесі маршруттар пакеті қойылады (қалалық маршруттар):

         1.№ 1 Лот:

№1 бағыт (Ж.Д. вокзал – Старая баня)

  1. №2 Лот:

№7 бағыт (АЦБ – Водозабор КГП «Аксу су арнасы»)

№11 бағыт (Амангелді көшесі – АЗФ)

Проходная АО «ЕЭК» бағыт (Ж.Д. вокзал – АО «ЕЭК»)

 

         Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарын иеленетін кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.

         Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-не конкурстық құжаттама жиынтығын алуға жазбаша өтінім ұсынады: Ақсу қаласы, Пушкин көшесі, 72/1, 205 кабинет.

         Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 2024 жылғы 31 қантар.

         2024 жылғы 15 қантарда конкурстық комиссия конкурсты өткізу мәселелері бойынша конкурс алдындағы конференция өткізеді.

         Анықтама алу үшін 8 (71837) 24292 телефондары арқылы хабарласуға болады.