Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары!
"Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы " Қаржы министрінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы №19 бұйрығына сәйкес, халықтың қатысуы бюджетін іске асыру мақсатында Ақсу қаласының әкімдігі мынадай іс-шаралар бойынша жобалық ұсыныстарды қабылдау туралы хабарлайды:
1) аумақты көгалдандыру;
2) тротуарларды жайластыру;
3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
4)ортақ пайдаланылатын орындарды (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және өзге де объектілер) құру, жөндеу және жарықтандыру;
5) бордюрлерді, төсеніштерді, тіреу қабырғаларын жөндеу;
6) полигондарды жою;
7) жалпы пайдаланымдағы орындарда балалар ойындары мен ересек тұрғындардың демалуы үшін беседка, орындық, урна, жабдықтар мен конструкцияларды орнату және жөндеу;
8) аула аумақтарында және жалпы пайдаланылатын жерлерде спорттық (тренажер алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру;
9) санитарияны қамтамасыз ету.
Қала бюджеті қаражаты есебінен іске асыруға ұсынылатын жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:
1) ортақ пайдалану объектісі;
2) тиісті аумақтардың тұрғындары үшін өзектілігі;
Бұл ретте жобалық ұсыныстар оларды бір қаржы жылы ішінде іске асыру мүмкіндігімен басым болып табылады.
Беру сәтінде бір жобалық ұсынысты іске асырудың шекті құны 15 000 АЕК-тен немесе или 51 750 мың тенгеден аспауға тиіс
Үлгілік жобалық ұсыныстар бойынша тұрғындардан жобалық ұсыныстарды қабылдау кезеңі: 2023 жылғы 20 қаңтардан 1 наурызға дейін.