Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар:
1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;
2) мамандығы бойынша кәсіпорынның бейініне сәйкес келетін қызмет саласында басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурстық құжаттарды қабылдау мерзімі: “Ақсу жолы” және “Новый путь” қалалық газетінде конкурс туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн.
Конкурсқа қатысқысы келетін азаматтар конкурсты өткізетін мемлекеттік органға келесі құжаттарды тапсырады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттар;
5) № 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Ақсу қаласы әкімдігінің, “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы “Теплосервис-Ақсу” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның директоры бос лауазымына конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мына мекенжайда жүргізіледі:
140100, Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Пушкин көшесі, 72/1, “Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі” ММ-сі, 2-қабат №208 кабинет, тел. 2-42-76.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар “Ақсу жолы” және “Новый путь” қалалық газетінде конкурс туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде берілуі қажет.
Конкурсқа қатысуға өтініштерді қабылдаудың соңғы мерзімі 2023 жылғы 27 қаңтар.
Конкурс 2023 жылғы 30 қаңтарда сағат 10.00-де Ақсу қаласы, Пушкин көшесі, 72/1, 2-қабат, № 210 кабиенетінде өткізіледі.