Ақсу қалалық мәслихатымен «Ақсу қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешім жобасы әзірленді.
Шешімнің жобасы Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365- бабы 3- тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі «Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу эдістемесін бекіту туралы»№ 377 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Аталған шешім жобаның мақсаты – оны қолданыстағы заңнамаға сәйкестіру.
Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Шешімнің жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында орналасқан:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14336976
Қалалық мәслихат хатшысы М.Омарғалиев