БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ «Ақсу қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» Ақсу қалалық мәслихаты шешім жобасына

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ  «Ақсу қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» Ақсу қалалық мәслихаты шешім жобасына

Ақсу қалалық мәслихатымен «Ақсу қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешім жобасы әзірленді.

Шешімнің жобасы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабы  3-тармағына 2) тармақшасына,  Павлодар облысы Ақсу қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 16 наурыздағы «Ақсу қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» № 190/2 қаулысына сәйкес әзірленді.

Аталған шешім жобаның мақсаты – оны қолданыстағы заңнамаға сәйкестіру.

Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Шешімнің жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында орналасқан:

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=14096894

 

 

Қалалық мәслихат хатшысы                                                М.Омарғалиев