Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы

Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы

                          Құрметті Ақсу қаласының тұрғындары!

 

"Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы №470 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қаржы министрінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 254 бұйрығына сәйкес, халықтың қатысу бюджетін іске асыру мақсатында Ақсу қаласының әкімдігі мынадай іс-шаралар бойынша жобалық ұсыныстарды қабылдау туралы хабарлайды:

1) аумақты көгалдандыру;

2) тротуарларды жайластыру;

3) тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;

4)ортақ пайдаланылатын орындарды (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер) құру, жөндеу және жарықтандыру;

5) жиектерді, кеспе тастарды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;

6) қоқыс тастайтын жерлерді жою;

7) жалпы пайдалану орындарында балалар ойындары және ересектердің демалысына арналған Күркелерді, орындықтарды, урналарды, жабдықтар мен конструкцияларды орнату және жөндеу;

8) аула аумақтарында және жалпы пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалардың ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.

Қала бюджеті қаражаты есебінен іске асыруға ұсынылатын жобалық ұсыныстарға қойылатын талаптар:

1) ортақ пайдаланудағы объект;

2) тиісті аумақтардың тұрғындары үшін өзектілігі.

Бұл ретте, бір қаржы жылы ішінде оларды іске асыру мүмкіндігі бар жобалық ұсыныстар басым болып табылады.

Бір жобалық ұсынысты іске асырудың шекті құны беру кезінде 10 000 АЕК немесе 30 630 мың теңгеден аспауы тиіс.

Тұрғындардан үлгілік жобалық ұсыныстар бойынша жобалық ұсыныстарды қабылдау кезеңі: 2022 жылғы 20 ақпаннан 10 наурызға дейін.

При этом, приоритетными являются проектные предложения с возможностью их реализации в течение одного финансового года.

Предельная стоимость реализации одного проектного предложения на момент подачи не должен превышать 10 000 МРП или 30 630 тысяч тенге.

Период приема проектных предложений от жителей по типовым проектным предложениям: с 20 февраля по 10 марта 2022 года.