Митингтер туралы

Митингтер туралы

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

 

Әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалар облыс аумағында заңсыз митингілер мен шерулерге қатысуға шақыруда.

2020 жылдың 6 маусымынан бастап Қазақстанда «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заң (бұдан әрі - Заң) қолданысқа енгізілді, онда жиналыстарды, митингілер мен пикеттерді ұйымдастыру және өткізу үшін хабарлама жасау тәртібі көзделген, яғни оларды өткізу күніне дейін ұйымдастырушы 5 жұмыс күні бұрын әкімдікке қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында хабарлама беруге тиіс, ол хабарлама 3 жұмыс күні ішінде қаралатынын түсіндіреміз (Заңның 10, 11-баптары).

Бұл ретте бейбіт жиналыстар тек белгіленген орындарда өткізілуі тиіс (Заңның 9-бабы). Бұл үшін жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) осындай орындарды, пайдалану тәртібін, шекті толтырылу нормаларын және оларды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды, сондай-ақ пикеттерге кіруге жол берілмейтін іргелес аумақтардың шекараларын айқындайды (Заңның 8-бабы).

Сондай-ақ, «Covid-19» індетін жайылуын болдырмау мақсатында елде карантин ережелері сақталуда.

Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 24 мамырдағы №12 қаулысымен карантин кезеңінде жабық үй-жайларда да, ашық жерлерде де адамдар көп жиналатын іс-шараларды, оның ішінде бейбіт жиналыстарды өткізуге тыйым салынған.

Облыс прокуратурасы азаматтарды қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырады.

 

 

Павлодар облысы

прокурорының орынбасары

М.Қ. Сламбеков