Баспасөз-релизі

Баспасөз-релизі

«Ақсу қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» Ақсу қалалық мәслихаты шешім жобасына

Ақсу қалалық мәслихатымен «Ақсу қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешім жобасы әзірленді.

Шешімнің жобасы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 145 бұйрығына, Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы» № 89/4 қаулысына сәйкес әзірленді.

Аталған шешім жобаның мақсаты – оны қолданыстағы заңнамаға сәйкестіру.

Шешімнің жобасы теріс әлеуметтік-экономикалық құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.

Шешімнің жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында орналасқан:

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=7005300

 

 

Қалалық мәслихат хатшысы                                   М.Омарғалиев