Ақсу қаласының білім бөлімімен мемлекеттік қызметтің 14 түрі көрсетіледі, орта білім беру ұйымдарымен 6 мемлекеттік қызмет, мектепке дейінгі ұйымдармен және қосымша білім беру ұйымдарымен 1 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің барлық түрлеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген стандарттар бар.
2024 жыл ішінде мемлекеттік мекемемен 12366 қызмет көрсетілді, оның ішінде: 6787 электрондық түрде (ЭҮП- 2257, ақпараттық жүйелер арқылы - 4530), ХҚКО арқылы – 43 мемлекеттік қызмет және 5536 қағаз түрінде көрсетілді.
2023 жыл ішінде мемлекеттік мекемемен 10108 қызметтер көрсетілді, оның ішінде: 5475 электрондық түрде (ЭҮП- 1302, ақпараттық жүйелер-4173), ХҚКО арқылы – 45 көрсетілді, 4588 мемлекеттік қызметтер қағаз түрінде көрсетілді.
Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәсілдері.
– 12 мемлекеттік қызмет көрсету толығымен автоматтандырылған, веб-портал egov.kz арқылы және ақпараттық жүйелер арқылы көрсетіледі;
– 4 мемлекеттік қызмет, ішінара автоматтандырылған қағаз нұсқада қызмет көрсетудің баламасы бар;
– 2 мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі;
– 4 мемлекеттік қызмет кеңсе арқылы көрсетіледі.
Сондай-ақ, есепті кезеңде мемлекеттік мекемемен мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының талаптарын бұзулар болған жоқ.
Ақсу қаласының білім бөлімінің ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/ мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы тұрғындар үшін толық ақпарат орналастырылған, Ақсу қаласының білім бөлімі ғимаратының және ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының фойесіндегі ақпараттық стендтерде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің толық тізбесі және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы қысқаша мәліметтер келтірілген.
Ақсу қаласы білім беру бөлімінің басшысы Қ. Смағұлов