Ақсу қаласының білім беру бөлімі Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа механизімін әзірлегенін хабарлайды. Осыған байланысты ағымдағы жылдың мамыр айында Ақсу қаласы өзара іс-қимылдың жаңа режиміне көшуді бастайды. Бірыңғай кезекті іске қосқаннан кейін балабақшаға кезекке қою және жолдама алу қағидалары қосымша түсіндіріледі, нұсқаулық білім беру бөлімінің сайтында және Instagram парақшасында орналастырылады. Көптеген маңызды өзгерістер жоспарлануда.
Көптеген маңызды өзгерістер жоспарлануда. Осындай өзгерістердің бірі – жалпы қалалық кезектен мектепке дейінгі ұйымдардағы кезекке көшу. Баланы бір мезгілде 4 мектепке дейінгі ұйымға кезекке қою құқығымен. Заңнамалық құжаттар заңды күшіне енгеннен кейін кезектер қайта құрылады. Бұрын берілген өтініштің күні мен уақыты және мектепке дейінгі ұйымдардың қалауы негізінде кезектілік берілуін ескере отырып, жеңілдіктерді пайдалану қағидаты сақталатын болады.
Осыған байланысты біз Сіздерден осы рәсімге алдын-ала дайындалуларыңызды сұраймыз.
ИНДИГО ақпараттық жүйесінде сауалнаманы толтырып, қалаған мектепке дейінгі ұйымдарды көрсетуіңізді сұраймыз. 1-ден 4-ке дейін ұйымды көрсету қажет.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы "Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, тиісті үлгілер мен түрлердегі қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 385 бұйрығының 1-қосымшасының 14-тармағының 3-тармақшасына сәйкес
3) мектепке дейінгі дайындық бағдарламасынан өткен тәрбиеленушілерді мектепке дейінгі ұйымнан шығару жыл сайын 1 тамызға дейін жүзеге асырылады;
кіші жастағы балаларды (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін туған балалар) жолдама алу 2024 жылғы 5 тамыздан бастап жоспарланып отырғанын хабарлаймыз.
Балабақшаға жолдама алғаннан кейін Сізге 6 күн ішінде медициналық тексеруден өту керек, Индиго ақпараттық жүйесінің жеке кабинетінде электрондық келісім-шарт жасасу үшін ЭЦҚ (электрондық-цифрлық қолтаңба) алу қажет.
Сіздің елді мекеніңіздің білім беру бөлімі мен мектепке дейінгі ұйымдардың ресми интернет-ресурстарындағы жарияланымдарды қадағалаңыз.
Ынтымақтастығыңыз үшін алғыс білдіреміз!