«Ақсу қаласының білім беру бөлімі» ММ көрсететін 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылау туралы ақпарат

«Ақсу қаласының білім беру бөлімі» ММ көрсететін 2023 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылау туралы ақпарат

Ақсу қаласының білім беру бөлімімен мемлекеттік қызметтің 14 түрі, орта білім беру ұйымдарымен 6 мемлекеттік қызмет, мектепке дейінгі ұйымдармен – 1 мемлекеттік қызмет, қосымша білім беру ұйымдарымен – 1 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

         Мемлекеттік қызметтердің барлық түрлеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген стандарттар бар.

Өткен 2023 жылы мемлекеттік мекеме 10108 қызмет көрсетті, оның ішінде: 5475 электрондық түрде (ЭҮП - 1302, ақпараттық жүйелер-4173), ХҚКО арқылы – 45 мемлекеттік қызмет, қағаз түрінде - 4588 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Орта білім беру ұйымдарының басшылары балаларды 1-сыныпқа қабылдау бойынша ата-аналар жиналысын өткізді. Сондай-ақ, 1-сыныпқа қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірінен басталғанын еске саламыз. Ағымдағы жылдың 8 сәуірінен бастап ҚР Білім министрлігі Ақсу қаласын балабақшаларға Бірыңғай кезектілік жобасына енгізуді жоспарлап отыр.

  Сондай-ақ, есепті кезеңде мемлекеттік мекеме мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің талаптарын бұзуға жол бермегенін атап өтеміз.

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Ақсу қаласы білім беру бөлімінің ресми сайтында орналастырылған                      https: //www.gov.kz/memleket/, сондай-ақ Ақсу қаласының білім беру бөлімі ғимаратының фойесінде және ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарында секторлар көрсететін қызметтердің барлық тізбесі, көрсетілетін қызметтер туралы қысқаша ақпарат ақпараттық стендтерде орналастырылған.

 

 

         Ақсу қаласы білім

          беру бөлімінің басшысы                                            Қ. Смағұлов