2024 жылдың 29 ақпан күні Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің базасында «Мәшһүр Жүсіп оқулары» республикалық байқауының қалалық кезеңі өткізілді.

2024 жылдың 29 ақпан күні Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінің базасында «Мәшһүр Жүсіп оқулары» республикалық байқауының қалалық кезеңі өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша: «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» бағыты бойынша Ю. Гагарин атындағы орта мектебінің оқушысы Тіленіш Еркебұлан І орын, Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің оқушысы Сарсенбай Нұрсәт ІІ орын, Еңбек орта мектебінің оқушысы Манай Ислам ІІІ орын иеленді. «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» бағыты бойынша Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің оқушысы Кудабаева Назым І орын, Еңбек орта мектебінің оқушысы Еркебұлан Еламан ІІ орын иеленді. Мәшһүр-Жүсіп шығармалары мен “Ұлы даланың ұлы есімдері” бағыты бойынша Абай атындағы ЖОББМ оқушысы Хурмангаз Толғанай І орын иеленді. «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» бағыты бойынша Ы. Алтынсарин атындағы қазақ орта мектебінің оқушысы Изатова Дария І орын, Абай атындағы ЖОББМ оқушысы Докилова Дильназ ІІ орын, Еңбек орта мектебінің оқушысы Еркебұлан Аяулым ІІІ орын иеленді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!