Ақсу білім беру бөлімінің оқу-әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 16 қараша күні «Ілияс Жансүгіров оқуларының» қалалық кезеңі өткізілді. Шараға Ақсу қаласы және ауылдық өңірінің 9 мектебінен 15 оқушы қатысты. Байқау 3 бағыт бойынша өтті.
«Ілияс – қазақ поэзиясының жыр құлагері» (Поэзияны мәнерлеп жатқа оқу) бағыты бойынша Еңбек ОМ оқушысы Сүлеймен Мирас ІІІ орын, Қ. Шүлембаев атындағы ОМ оқушысы Мухаметхали Аяна ІІ орын, Қызылжар ОМ оқушысы Маратқызы Нұрдана І орын, Ы. Алтынсарин атындағы қазақ ОМ оқушысы Талгатов Казбек бас жүлде иеленді.
«Ұлы тұлғаға арнау» (Ақындар сайысы) бағыты бойынша Қалқаман ОМ оқушысы Айболот Гульсин және Достық ОМ оқушысы Манат Айшолпан ІІІ орын, Үштерек ОМ оқушысы Хадилманатұлы Ясин және Қызылжар ОМ оқушысы Харий Алмира ІІ орын, Ю. Гагарин атындағы ОМ оқушысы Досан Наурызбай 1 орын, Ы. Алтынсарин атындағы қазақ ОМ оқушысы Сарсенбай Нұрсәт бас жүлде иеленді.
«Ілияс – сөз шебері» (Проза немесе драманы мәнерлеп жатқа оқу) бағыты бойынша Абай атындағы ЖОББМ оқушысы Төлеу Дарина және Қалқаман ОМ оқушысы Марғыша Назгүл ІІІ орын, Қалқаман ОМ оқушысы Нұға Мөлдір ІІ орын, Еңбек ОМ оқушысы Манай Ысмайыл І орын, Қызылжар ОМ оқушысы Темиргалиева Аяулым бас жүлде иеленді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!Бас жүлдеге ие болған оқушылар облыстық кезеңге жолдама алды.