
2025 жылғы 27 қараша күні Ақсу қаласының педагог-психологтары Павлодар облысының «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтымен бірлесе отырып, “Адал азамат” біртұтас бағдарламасы аясында, “ДосболLike” бағдарламасы бойынша “Мектептегі буллинг және оның салдары: суицидтік мінез-құлықтың алдын алудың жаңаша тәсілдері” тақырыбында семинар-практикум өткізді.
Іс-шара барысында мектеп ортасындағы буллингтің алдын алу, оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәуекел топпен жұмыстың тиімді әдістері, сондай-ақ суицидтік мінез-құлықтың ерте белгілерін анықтау және профилактиканың жаңаша тәсілдері талқыланды.
Семинар-практикум педагог-психологтардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және мектептегі қауіпсіз психологиялық климат қалыптастыруға бағытталды.