
«Еңбегі адал - жас өрен» республикалық жобасы аясында 2025 жылдың 20 қаңтарында № 7 орта мектеп базасында «Мамандық марафоны» облыстық байқауының іріктеу туры өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - қатысушыларды кәсіптің алуан түрлілігімен, олардың ерекшеліктерімен және маңызымен таныстыру, кәсіби өзін-өзі анықтауға, түрлі қызмет түрлеріне қызығушылықты дамытуға және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу.
Іс-шара түрлі мамандықтарға қызығушылықты арттыруға, олардың шығармашылық және практикалық әлеуетін ашуға бағытталған.
Оқушылар IT-технология, «Өз ісінің шебері», ағаш, қолөнер, металл, шеф-аспаз, экологиялық бағыттар және дизайнер мамандығы бойынша жұмыс көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша келесі мектептер жүлделі орындарға ие болды: «Өз ісінің шебері» номинациясында
- 1 орын Абай ат. ЖОББМ – Буркутбаев Ибрагим
- 2 орын Ы. Алтынсарин ат. ОМ – Ханат Динислам, Сетерғазы Ақтілек
- 3 орын Ы. Алтынсарин ат. ОМ - Сағынбек Аружан, Мырзагалиева Диана.
«Шеф-аспаз» номинациясында
- 2 орын № 7 ОМ Алияскарова Амина, Зенова Ясмин.
- 3 орын Қ. Камзин ат. ОМ
«Болашақ дизайнер» номинациясында
- 1 орын Абай ат. ЖОББМ Саттар Азиз
Байқаудың барлық қатысушылары грамоталармен марапатталды.