
2026 жылғы 14 қаңтарда Білім беру басқармасының бастамасымен, Ақсу қаласының білім беру ұйымының мамандары және психологтар шығармашылық тобының ұйымдастыруымен Абай ЖОББМ-нің базасында «Заң және тәртіп» республикалық идеологиясы аясында білім беру ұйымдары директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтары, сынып жетекшілері мен әлеуметтік педагогтарына арналған «Жасөспірімдер арасындағы буллинг пен суицидтік мінез-құлықтың алдын алу: ерте анықтау мен көмек көрсетудегі мектеп пен мұғалімнің рөлі» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Семинарға спикер ретінде Павлодар облысының «Өңірлік психологиялық қолдау орталығы» әдіскерлері «Шаг за шагом:Алгоритмы реагирования в кейсах» тақырыбында практикалық бағытта педагогтермен жұмыс жүргізді.
Семинар жасөспірімдер арасындағы дағдарыстық жағдайлардың алдын алу жүйесін нығайтуға және білім беру ортасында зорлық-зомбылықсыз мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.
Практикумға қатысушыларға проблемаларды түсінуге және жұмыста қажетті жаңа білімді, практикалық әдістерді байытуға мүмкіндік берді.
Семинар қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді