
2025 жылғы 28 қазанда Қамқоршылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Жылылық пен достыққа толы атмосферада ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға отбасы мен мейірім сыйлаған жандарға құрмет көрсетілді.
Іс-шара «Ақ тілек» кафесінде ұйымдастырылып, оған қамқоршылар, қорғаншылар, патронаттық тәрбиешілер, білім беру бөлім өкілдері мен құрметті қонақтар қатысты.
Ақсу қаласы әкімінің орынбасары Ризагүл Алексеевна Негманова құттықтау сөз сөйлеп, балалардың тәрбиесіне күн сайын жан жылуын, уақытын және күш-жігерін арнап жүрген барлық азаматтарға шынайы алғысын білдірді. Ол өз сөзінде әрбір қамқоршы баланың отбасыға, махаббат пен бақытқа деген сенімін қайта сыйлай отырып, нағыз адамгершілік ерлік жасап жүргенін атап өтті.
Қонақтар үшін қала өнерпаздары мен балалардың концерттік бағдарламасы ұсынылды.
Дастархан басында қатысушылар өздерінің қуаныштары мен толғаныстарымен бөлісті. Іс-шара өте әсерлі өтіп, әр отбасының қолдауға мұқтаж бала үшін қаншалықты маңызды екенін тағы да еске салды.
Қамқоршылар күні — бұл мейірім мен жан жылулығының мерекесі. Мұндай кездесулер жүрегі кең жандардың еңбегін бағалап, айналамыздағы әлемді мейірімдірек етуге үлес қосатынын айқын көрсетеді.