Қазақстандағы тәлімгерлік: болашақ тәлімгерлер үшін жаңа ережелер

Қазақстандағы тәлімгерлік: болашақ тәлімгерлер үшін жаңа ережелер

✔️ 2025 жылғы қарашада Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгер болғысы келетін азаматтарға қойылатын жаңа талаптар күшіне енді. Енді әрбір үміткер міндетті оқытудан өтеді, оның қорытындысы бойынша тәлімгер сертификаты беріледі.

📝 Курсты тәлімгерлік жөніндегі уәкілетті ұйымдар жүргізеді. Оқыту екі аптадан аспайды және тестілеумен аяқталады. Оны сәтті аяқтағандар ғана сертификат алып, ресми түрде тәлімгер бола алады.

💬 «Бұл шешім балаларға қолдау көрсету сапасын арттыруға бағытталған. Дайындалған тәлімгерлер оларға сенімділікті арттыруға, қоғамдағы өмірге бейімделуге және дербес болашаққа дайындалуға көмектеседі», - ҚР Оқу-ағарту министрілігі (ОАМ) Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде атап өтті.

👩‍🏫 Белгіленген талаптарға сай келетін ҚР кез келген кәмелетке толған азаматы тәлімгер бола алады. Тәлімгерлік өтеусіз негізде жүзеге асырылады және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы 10 жастан асқан балаларға бағдарланған.

❗️ Естеріңізге сала кетейік, тәлімгерлік институты Қазақстанда 2024 жылы енгізілген болатын. Оның басты мақсаты — әр балаға жанынан қолдау сезінуге және ересек өмірге сәтті интеграцияға қадам жасауға мүмкіндік беру.

💙 Біз бірге балаларға бақытты болашаққа көбірек мүмкіндік бере аламыз!

 

Барлық сұрақтар бойынша Ақсу қаласының қамқоршылық органына мына мекенжай бойынша хабарласуға болады: Строителей көшесі, 14 Б, телефоны +7 (71837) 6 95 95.

# Тәлімгерлік #ЖетімБалалар #АҚҚ #ӘлеуметтікҚолдау #Қазақстан