2025 жылғы 1 шілдеден 11 тамызға дейін Ақсу қаласында мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды қабылдау басталады. Балабақшаларда 886 бос орын болады. Оның ішінде бөбекжай топтарында (2024 жылы туған балалар) 13 орын; кіші топтарда (2023 жылы туған балалар) 590 бос орын; ортаңғы топтарда (2022 жылы туған балалар) 125 орын; ересек топтарда (2021 жылы туған балалар) 40 орын; мектепалды топтарда (2020 жылы туған балалар) 9 орын, әр түрлі жастағы топтарда (балалар 2020, 2021, 2022 ж.т.) 109 бос орын.
Бірыңғай база бірінші кезекте тұрған көрсетілетін қызметті алушыға мектепке дейінгі ұйымдардағы бос орын туралы 1414 нөмірінен смс хабарлама жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы 3 күнтізбелік күн ішінде мектепке дейінгі ұйымдарға жолдама алғанын растайды немесе мектепке дейінгі ұйымдардағы бос орыннан бас тартады.
Электрондық жолдаманы алғаннан кейін сізге 5 жұмыс күні ішінде балабақшаға қабылдау үшін қажетті құжаттарды жинау қажет.
Сондай-ақ, жасына байланысты тобында жоспарлы профилактикалық екпе алмаған балалардың үлесін жасау кезінде 10%-дан астамы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 85-бабының 11-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылатынын ескертеміз.
Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету туралы толығырақ «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ағарту министрінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 254 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ағарту Министрінің № 133 бұйрығымен білім беру бөлімінің сайтында таныса аласыз.