Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінже 20 мамыр күні “Шығармашылық шыңы” атты эстет сыныптарында есеп беру концерті өтті!

Абай атындағы жалпы орта білім беру мектебінже 20 мамыр күні “Шығармашылық шыңы” атты эстет сыныптарында есеп беру концерті өтті!
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Абай Мектебі (@abai_mektep_aksu)

Өнерге жақын жас жеткіншектердің көптен күткен есеп беру концерті жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

2 “Г”, 2 “Д”, 2 “Е” сыныптарының оқушылары 2 жыл бойы театр және хореография сабағында алған білімдерін үлкен сахнада көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Концерт барысында әр сынып өз өнерін жан-жақты танытты:

2 “Г” сыныбы ұлттық рухты ұлықтаған «Қара жорға» биімен сахна шымылдығын ашып, әйгілі Майкл Джексон стиліндегі биді орындап, ерекше көзге түсті. Сонымен қатар, олар «Түйме қыз» атты әсерлі көрініс қойды.
2 “Д” сыныбы көрермендерді серпілткен рок-н-ролл биімен, ширақ орыс биімен қуантты. Одан бөлек, Абай Құнанбайұлының «Ескендір» поэмасы бойынша әсерлі көрініс ұсынды.
2 “Е” сыныбы «Бір шаңырақ астында» атты тәрбиелік мәні зор көрініс көрсетіп, заманауи баю бай биімен, көркем өзбек биімен көпшіліктің көңілінен шықты.
Концерттің шарықтау шегі – барлық оқушылардың қатысуымен өткен финалдық би болды. Балалардың сахнадағы әрбір қимылы мен образы – ұстаздарының еңбегі мен балалардың жанкешті дайындықтарының жемісі.

Бұл концерт – болашақ жұлдыздарға жол ашатын алғашқы баспалдақ!