Жиналыс барысында ата-аналармен келесі маңызды мәселелер талқыланды:
- “Егу және иммундау” тақырыбында Аку қаласының Мемлекеттік эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы Откенова Дана Сейсенбайқызы және Нурлыбек Қымбат Қайратқызы (жалпы тәжірибелік дәрігер) баяндама жасады.
- “Балалардың өрт пен судағы қауіпсіздігі” жайлы — Төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы, азаматтық қорғау майоры Нургожин Азамат Капарбекұлы сөз сөйледі.
- “Жазғы уақытта балалардың өмір қауіпсіздігі”, “Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу”, “Вейп – денсаулыққа өте қауіпті”, “Жарақаттанудың алдын алу (скутер, велосипед, самокат)”, “Теміржол бойы – қауіп көзі” тақырыптарында Аку қаласының учаскелік полиция қызметкерлері — аға лейтенант Дербисов Абдигазиз Абдиганиевич пен полицияның учаскелік инспекторы, кіші сержант Бутеева Назгүл Бауыржанқызы ақпарат берді.
Жиын барысында ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.
Балаларымыздың амандығы – баршаға ортақ жауапкершілік!