2025 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік істер агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 15 қаңтардағы № 7 бұйрығымен бекітілген Уәкілетті этика қызметкерлерінің 2025 жылға арналған Типтік жоспарының 2.4-тармағын орындау шеңберінде Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Е.Ж. Жиянның шақырылуымен қызметкерлердің мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін, оның ішінде жұмыс уақытынан тыс уақытта мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді сақтау, ойын мекемелеріне барудан бас тарту, сондай-ақ өздерінің діни сенімдеріне таңудан аулақ болу және қарамағындағыларды діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңеске Ақмола облысы тексеру комиссиясының басшылығы мен қызметкерлері қатысты.
Қойылған барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.