Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында 2024 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есептілікке жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары шығарылды.

        Мемлекеттік және жергілікті қаржыларды тиімді басқару бюджетті тиісті жоспарлауды және атқаруды ғана емес, сонымен қатар бюджет қаражатының пайдаланылуының ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуді талап етеді. Жергілікті атқарушы органдардың қаржылық жағдайы туралы сенімді ақпаратты қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит жүргізу бақылаудың маңызды құралы болып табылады.

        Шоғырландырылған қаржылық есептілік (ШҚЕ) – жергілікті атқарушы органдар деңгейіндегі бюджет процесінің барлық қатысушыларының: әкімдіктердің, коммуналдық мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың және мемлекет бақылайтын өзге де ұйымдардың қаржылық жағдайы мен қызмет нәтижелері туралы жиынтық ақпаратты көрсететін қаржылық есептіліктер жиынтығы. ШҚЕ-нің тұжырымдамалық негізі пайдаланушылар, оның ішінде әлеуетті инвесторлар үшін пайдалы, объективті және сенімді ақпаратты ұсыну болып табылады.

        Жыл сайынғы жергілікті бюджеттердің шоғырландырылған қаржылық есептілігіне мемлекеттік аудит жүргізу Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

        Ағымдағы жылдың 25 сәуірінде Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында 2024 жылға арналған шоғырландырылған қаржылық есептілікке жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары шығарылды.

        Оның жұмысына облыстың қаржы, табиғи ресурстар және реттеу басқармаларының басшылары, аудандардың экономика және қаржы бөлімдерінің басшылары қатысты.

        Аудит қорытындылары бойынша шоғырландырылатын мекемелердің қаржылық есептілікті уақытылы бермеу, актив ретінде танылуға жататын шығындарды операциялық шығыстарға есептен шығару, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік деректерінің сәйкессіздігі және т.б. фактілер анықталды.

        Сонымен қатар, Тексеру комиссиясының жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігіндегі бұрмалауларды болдырмау бойынша жүргізіп отырған жұмысы ШҚЕ сапасын арттыруға ықпал етті (Көкшетау, Қосшы қалалары, Бурабай ауданы ШҚЕ). Мәселен, 2024 жылы ШҚЕ бұрмалауларының жалпы сомасы 2023 жылмен салыстырғанда 22%-ға азайды.

        Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.