2025 жылғы 28 наурызда Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысында спортшыларды, оның ішінде жоғары жетістіктер спорты саласындағы спортшыларды тәрбиелеуге және даярлауға бөлінген бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды.
Отырыс жұмысына Ақмола облыстық мәслихатының депутаты – әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы С.Т. Сыздықов, сондай-ақ аудитпен қамтылған мемлекеттік аудит объектілерінің басшылары қатысты.
Мемлекеттік аудит барысында бірқатар қаржылық бұзушылықтар, бюджет қаражатын (активтерін) тиімсіз пайдалану фактілері, сондай-ақ рәсімдік бұзушылықтар, жүйелі проблемалар мен кемшіліктер анықталды.
Мемлекеттік аудит объектілерінің және басқа да мүдделі тұлғалардың атына анықталған бұзушылықтарды жою туралы аудиторлық қорытынды мен ұйғарымдар, нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру, қарастырылып отырған саладағы басқару сапасын арттыру бойынша ұсынымдар жолданды.