Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитеті дөңгелек үстел өткізді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитеті дөңгелек үстел өткізді

        2024 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитеті дөңгелек үстел өткізді.

        Дөңгелек үстелде өңірлердің бюджеттік дербестігінің деңгейі, тексеру комиссиялары мен жергілікті атқарушы органдардың ішкі аудит қызметтерінің қызметі туралы мәселелер қаралды.

        Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ұсынылған материалдар негізінде, сондай-ақ оларды бірлесіп талқылау қорытындысы бойынша өңірлердің бюджеттік дербестігін, тексеру комиссиялары мен жергілікті атқарушы органдардың ішкі аудит қызметтерінің қызметін одан әрі жақсарту үшін бірқатар ұсынымдар әзірленді.

        Дөңгелек үстел жұмысына бейнеконференцбайланыс арқылы Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының басшылығы қатысты.