2024 жылғы 9 сәуірде «Аса маңызды топтық және жергілікті сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын жоспарлау және субсидиялау тиiмдiлiгiне мемлекеттiк аудит» аудиторлық іс-шарасы бойынша техникалық оқу өткізілді.

        Техникалық оқу жұмысына аудиторлық іс-шараға жауапты тексеру комиссиясының мүшесі М.Ш. Тақамбаев, аппарат басшысы - тексеру комиссиясының Әдеп жөніндегі уәкілі А.М. Кенжебаев, мемлекеттік аудит тобы қатысты.

        Техникалық оқу барысында Тексеру комиссиясының мүшесі М.Ш. Тақамбаев мемлекеттік аудит тобына қатысушылардың аудиторлық іс-шараны өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын, аудиторлық іс-шараны өткізу кезіндегі әдеп нормаларын сақтауы жөнінде түсініктемелер берді.

        Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес аудит бағдарламасы және аудит нәтижелерін көрсету мәселелері қаралып, талқыланды.

        Аппарат басшысы А.М. Кенжебаев мемлекеттік аудит тобының назарына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін, мемлекеттік аудиторлардың кәсіби әдеп қағидаларын, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын қатаң сақтау қажеттігі туралы жеткізді.

        Мемлекеттік аудит объектілеріне шыққанға дейін объектілердің мекенжайына мемлекеттік аудит жүргізу туралы хабарлама жіберілді.