2023 жылғы 19 қаңтарда техникалық оқу жүйесінде кезекті сабақ өткізілді.

2023 жылғы 19 қаңтарда техникалық оқу жүйесінде кезекті сабақ өткізілді.

        2023 жылғы 19 қаңтарда Тексеру комиссиясының төрағасы Қ.Б. Есмағамбетовтың төрағалығымен техникалық оқу жүйесінде кезекті сабақ өткізілді.

        Сабаққа Тексеру комиссиясының мүшелері, аппарат басшысы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

        Мемлекеттік аудит сапасын бақылау бөлімінің басшысы А.Б. Әбдірахманова сөз сөйлеп, тыңдаушылардың назарына жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің мемлекеттік аудиті бойынша ақпарат ұсынды.

        Талқылау барысында тыңдаушылардың назары аудиттелетін объектінің қаржылық операциялары мен қаржылық есептілігіне әсер ететін негізгі факторларға, аудит жүргізу кезінде қолданылатын базалық мәселелердің тізбесіне, шоғырландырылған қаржылық есептілік пен қаржылық есептілікке аудит жүргізудің қысқаша алгоритміне аударылды.

        Сабақ соңында тыңдаушылар арасында пікір алмасу өтті.