Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясында"Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексін қолдану практикасы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясында"Қазақстан Республикасының Әкімшілік  рәсімдік – процестік кодексін қолдану практикасы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

        24 қарашада Тексеру комиссиясының төрағасы Қ.Б. Есмағамбетовтың төрағалығымен «Қазақстан Республикасының Әкімшілік  рәсімдік – процестік кодексін қолдану практикасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

        Іс-шараға Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Л.А. Вазирова, Тексеру комиссиясының мүшелері, Тексеру комиссиясы аппаратының қызметкерлері қатысты.

        Күн тәртібіне сәйкес Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексін қолданудың негізгі қағидаттары талқыланды.

        Судья Л.А. Вазирова соттардың Қазақстан Республикасы Әкімшілік  рәсімдік – процестік Кодексінің баптарының нормаларын қолдану практикасы бойынша түсініктемелер берді, сондай-ақ судья Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне әкімшілік істер бойынша дәлелдеу ауыртпалығы мемлекеттік органға жүктелетінін, яғни мемлекеттік аудит жүргізу кезінде аудиторлар жіберілген бұзушылықтарды көрсететін жеткілікті дәлелдемелер жинау қажет екенін жеткізді.

        Қатысушылардың сөз сөйлеуінің және проблемалық мәселелерді талқылаудың қорытындылары бойынша жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау, әкімшілік іс жүргізуге қатысушылардың сот талқылаулары орбитасына негізсіз тартылуына жол бермеу мақсатында өздерінің практикалық қолданылуын табуға тиіс бірқатар тұжырымдар мен ұсыныстар жасалды.