Пресс релиз

Пресс релиз

        Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысында "KOKSHE" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудиттің қорытындысы шығарылды.

        Отырыс жұмысына Ақмола облыстық мәслихатының депутаты - Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы жанындағы консультативтік-кеңесші кеңестің мүшесі У.Ф. Шоназаров, Ақмола облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Е.А. Оспанов, "KOKSHE" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы төрағасының м.а. С.Т. Сыздықов қатысты.

        Жүргізілген аудитпен жалпы сомасы 2 542 339,4 мың теңгеге Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын бұзу, оның ішінде 35,2 мың теңгеге бюджетке өтелуге жататын қаржылық бұзушылықтар, 2 542 304,2 мың теңгеге бюджет қаражатын (активтерін) тиімсіз пайдалану, сондай-ақ рәсімдік бұзушылықтар, жүйелік проблемалар мен кемшіліктер анықталды.

        Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша аудит объектісіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдары бар нұсқама және аудиторлық қорытынды жіберілді.