Пресс-релиз

Пресс-релиз

        2026 жылғы 31 тамызда Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында қатты пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, сондай-ақ кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру саласында жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылды.

        Отырыс жұмысына мемлекеттік аудит объектісі – Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өкілдері қатысты.

        Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы Басқарма қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған сындарлы ұсынымдар әзірледі. Негізгі басымдықтардың қатарында нормативтік базаны өзектендіру, қаржылық тәртіпті күшейту, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамалық бастамаларды әзірлеу бойынша мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысты жүргізу көзделген. Аталған шараларды іске асыру үдерістердің ашықтығын арттыруға және Басқарма жұмысының сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

        Мемлекеттік аудит объектісінің атына анықталған бұзушылықтарды жою туралы аудиторлық қорытынды мен нұсқама, сондай-ақ қарастырылып отырған саладағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру және басқару сапасын арттыру жөніндегі ұсынымдар жолданды.