«Шортанды ауданының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту»

«Шортанды ауданының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту»

        Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Б. Жүнісов 2026 жылғы 9 маусымда Шортанды аудандық мәслихатының кезекті сессиясына қатысты, онда Шортанды ауданының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту мәселесі қаралды.

        Шортанды аудандық мәслихатының сессиясында аталған мәселе бойынша аудан әкімінің міндетін атқарушы Ахметова Шолпан Хасенқызы тиісті баяндама жасады.

        Депутаттардың назарына Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының Шортанды ауданының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есебіне жасалған қорытындысы ұсынылды.

        Қорытындыда аудан бюджетінің 2025 жылғы атқарылуына қатысты негізгі проблемалық мәселелер атап өтіліп, аудан бюджетінің кірістері мен шығыстарына талдау жүргізілген. Сондай-ақ бюджетті орындау барысында орын алған кемшіліктер көрсетілген.

        Аудан бюджетінің атқарылуын бағалау қорытындылары бойынша Тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, бюджеттік жүйе қағидаттарын сақтауға, сондай-ақ бюджеттік қаражат пен мемлекеттік активтердің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған ұсынымдар берді.

        Жалпы, аудан бюджеті Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының ескертулері мен ұсынымдарын ескере отырып бекітілді.