«Зеренді ауданы бюджетінің 2025 жылғы атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту»

«Зеренді ауданы бюджетінің 2025 жылғы атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту»

        Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі М.Х. Рахимжанов 2026 жылғы 9 маусымда Зеренді аудандық мәслихатының кезекті сессиясының жұмысына қатысты, онда Зеренді ауданы бюджетінің 2025 жылғы атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту мәселесі қаралды.

        Зеренді аудандық мәслихатының сессиясында аудан әкімі Құрманғожин Әсет Асылбекұлы тиісті баяндама жасады.

        Депутаттардың назарына Зеренді ауданы бюджетінің 2025 жылғы атқарылуы туралы есепке Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысы ұсынылды.

        Қорытындыда аудан бюджетінің 2025 жылғы атқарылуындағы негізгі проблемалық мәселелер атап өтіліп, аудан бюджетінің кірістері мен шығыстарына талдау жасалды. Сондай-ақ бюджетті атқару барысында орын алған кемшіліктер көрсетілді.

        Аудан бюджетінің атқарылуын бағалау қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, бюджет жүйесінің қағидаттарын сақтау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар берді.

        Жалпы алғанда, аудан бюджеті Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының ескертулері мен ұсынымдарын ескере отырып бекітілді..