Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ж.Б. Жүнісов 2026 жылғы 2 маусымда Есіл аудандық мәслихатының кезекті сессиясына қатысты, онда Есіл ауданының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту мәселесі қаралды.
Есіл аудандық мәслихатының сессиясында аталған мәселе бойынша аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Т. Жүнісов тиісті баяндама жасады.
Депутаттардың назарына Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының Есіл ауданының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есебіне жасалған қорытындысы ұсынылды.
Қорытындыда аудан бюджетінің 2025 жылғы атқарылуына қатысты негізгі проблемалық мәселелер атап өтіліп, аудан бюджетінің кірістері мен шығыстарына талдау жүргізілген. Сондай-ақ бюджетті орындау барысында орын алған кемшіліктер көрсетілген.
Аудан бюджетінің атқарылуын бағалау қорытындылары бойынша Тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, бюджеттік жүйе қағидаттарын сақтауға, сондай-ақ бюджеттік қаражат пен мемлекеттік активтердің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған ұсынымдар берді.
Жалпы, аудан бюджеті Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының ескертулері мен ұсынымдарын ескере отырып бекітілді.


