Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі А.Б.Қаркенов 2026 жылғы 3 маусымда Жақсы аудандық мәслихатының 2025 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту мәселесі бойынша кезекті сессиясының жұмысына қатысты.
Жақсы ауданы мәслихатының сессиясында тиісті баяндама жасай отырып, аудан әкімі А.А. Қадралина сөз сөйледі.
Депутаттардың назарына 2025 жылға арналған Жақсы ауданы бюджетінің атқарылуы туралы есепке Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысы ұсынылды.
Қорытындыда 2025 жылы аудан бюджетінің атқарылуы бойынша негізгі проблемалық мәселелер көрсетіліп, аудан бюджетінің кірістері мен шығыстарына талдау жасалды. Бюджетті орындау барысында бірқатар кемшіліктердің бар екені атап өтілді.
Бюджет атқарылуын бағалау қорытындысы бойынша тексеру комиссиясының тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын, бюджет жүйесінің қағидаттарын сақтау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар берілді.
Жалпы алғанда, аудан бюджеті Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының ескертулері мен ұсынымдары ескеріле отырып бекітілді.


