Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі А.Б. Қаркенов 2026 жылғы 2 маусымда Жарқайың аудандық мәслихатының кезекті сессиясының жұмысына қатысты, онда Жарқайың ауданы бюджетінің 2025 жылғы атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту мәселесі қаралды.
Жарқайың аудандық мәслихатының сессиясында аудан әкімі Е.К. Жүсіпбеков тиісті баяндама жасады.
Депутаттардың назарына Жарқайың ауданы бюджетінің 2025 жылғы атқарылуы туралы есепке Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысы ұсынылды.
Қорытындыда аудан бюджетінің 2025 жылғы атқарылуындағы негізгі проблемалық мәселелер атап өтіліп, аудан бюджетінің кірістері мен шығыстарына талдау жасалды. Сондай-ақ бюджетті атқару барысында орын алған кемшіліктер көрсетілді.
Аудан бюджетінің атқарылуын бағалау қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, бюджет жүйесінің қағидаттарын сақтау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар берді.
Жалпы алғанда, аудан бюджеті Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының ескертулері мен ұсынымдарын ескере отырып бекітілді.


