Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі А.Б. Әбдірахманова 2026 жылғы 2 маусымда Бұланды ауданы бюджетінің атқарылуы туралы 2025 жылғы жылдық есепті бекіту мәселесі бойынша Бұланды ауданының кезекті сессиясының жұмысына қатысты.
Бұланды аудандық мәслихатының сессиясында аудан әкімі А.Д. Смайылов тиісті баяндама жасады.
Депутаттардың назарына Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылғы Бұланды ауданы бюджетінің атқарылуы туралы есебіне қорытындысы ұсынылды.
Қорытындыда 2025 жылға арналған аудан бюджетінің атқарылуының негізгі проблемалық мәселелері атап өтілді, аудан бюджетінің кірістері мен шығыстарына талдау жасалды. Бюджетті орындау кезінде кемшіліктердің болуы көрсетілген.
Аудан бюджетінің атқарылуын бағалау қорытындысы бойынша тексеру комиссиясы ҚР заңнамасының, бюджеттік жүйе қағидаттарының талаптарын сақтау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар берді.
Жалпы, аудан бюджеті Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының ескертулері мен ұсынымдарын ескере отырып бекітілді.



