Ақмола облысы білім басқармасының «Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ-да мемлекеттік аудит барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылданды

        2026 жылғы қаңтар айында «Білім басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарының бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін жоспарлау мен пайдаланудың тиімділігіне мемлекеттік аудит» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы бойынша Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатына 172,8 мың теңге мөлшеріндегі соманы бюджетке өтеу және 3192,2 мың теңге мөлшеріндегі соманы қалпына келтіру нұсқалды.

        2026 жылдың наурыз айында мемлекеттік аудит объектісі осы талаптарды толық көлемде орындады.