2026 жылғы 13 ақпанда Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясында техникалық оқу жүйесінде кезекті сабақ өтті.
Әлеуметтік сала басқармасы мемлекеттік аудит бөлімінің бас маманы — мемлекеттік аудитор В.С. Карапетян баяндама жасады. Баяндама тақырыбы активтер мен міндеттемелерді олардың бастапқы танылу кезеңінде жіктеу кезіндегі бұзушылықтарды анықтау мәселелеріне арналды.
Сабақ барысында қатысушылар активтер мен міндеттемелерді бастапқы тану кезінде жіктеу бөлігінде анықталған бұзушылық фактілерімен таныстырылды. Осы кезеңде активтерді дұрыс жіктеу бухгалтерлік есепті кейіннен дұрыс жүргізудің, амортизацияны есептеудің және жалпы қаржылық есептіліктің сенімділігін қамтамасыз етудің негізі болып табылатыны атап өтілді.
Баяндама қорытындысы бойынша талқылау өтіп, оның аясында қатысушылар пікір алмасты және өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.