2026 жылғы 12 ақпанда Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясында техникалық оқу жүйесі аясында кезекті сабақ өтті.
Сабақ барысында мемлекеттік аудитордың ассистенті – бас маман А.А. Әлжанов баяндама жасап, тыңдаушылар назарына бюджеттік инвестициялық жобаларға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану аудитін жүргізудің жекелеген мәселелері жөнінде ақпарат ұсынды.
Талқылау барысында тыңдаушылардың назары сыртқы мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды жүргізу қағидаларында көзделген үлгілік нысандарға сәйкес мемлекеттік аудит құжаттарын қатаң түрде рәсімдеу қажеттілігіне аударылды.
Сабақтың қорытынды бөлімінде тыңдаушылар арасында пікір алмасу өтті.